«ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ 24-26 мамыр 2021 жыл

Ақпараттық хаты

Құрметті әріптестер!!!

Сіздерді 2021 жылғы 24-26 мамырда онлайн режимде өтетін «Әкімшілік құқық және әкімшілік юрисдикция» атты Халықаралық симпозиум жұмысына қатысуға шақырамыз.

Стамбул Сауда университетінің базасында өтетін Халықаралық симпозиум Стамбул университеті заң факультетінің Әкімшілік құқық және ғылымдары зерттеу-қолдану орталығымен, Бұхара мемлекеттік университетімен, Баку мемлекеттік университетімен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Халықаралық көзқарас университетімен бірлесе ұйымдастыруда.

«Әкімшілік құқық және әкімшілік юрисдикциядағы жаңа жетістіктер» тақырыбындағы «Әкімшілік құқық және әкімшілік юрисдикция» атты Халықаралық симпозиум – 2021 әкімшілік құқық пен әкімшілік құқық құзіреттілігіндегі жаңа жетістіктер мен әкімшілік құқық құзіреттілігіндегі құқық қорғау бағытындағы ұсыныстар бойынша ғылыми пікірталас алаңын ұсынуды және ақпарат алмасуды мақсат етеді.

Халықаралық симпозиум жұмысына әкімшілік құқық пен әкімшілік юрисдикция саласында тәжірибелі ғалымдармен бірге академиялық ортадан тыс секторлардың өкілдері де қатыса алады. Симпозиум түрікше өткізілгенімен, баяндамалар ағылшын, орыс, қазақ, өзбек және әзірбайжан тілдерінде де қабылданады.

Халықаралық симпозиумға баяндама тезисін қабылдау 2021 жылғы 20 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Халықаралық симпозиумға баяндама ұсыну үшін қатысушы  isalaj2021.istanbulticaret.edu.tr өтінім толтыруы қажет.

Өтінімде баяндама тақырыбы, әдіснамасы, жұмыстың негізгі идеясы мен тұжырымдарын қамтыған қысқа мазмұны (ең көп 500 сөз) және 6 түйінді сөз, сондай-ақ қатысушының аты-жөні, атағы және байланыс мәліметтері болуы тиіс.

 

Маңызды күндер:

Тезисті тапсырудың соңғы мерзімі: 20 сәуір 2021 ж.

Қабылданған тезистер туралы хабарландыру: 30 сәуір 2021 ж.

Толық құжаттар қабылдау мерзімі: 15 мамыр 2021 ж.

Симпозиум бағдарламасын жариялау күні: 17 мамыр 2021 ж.

Симпозиум өтетін күні: 24-26 мамыр 2021 ж.

 

Симпозиумның ғылыми-консультативті кеңесі:     

Проф. Доктор Айдын ГҮЛАН – Стамбул университеті заң факультетінің әкімшілік-құқықтық зерттеу және қолдану орталығының бастығы

Проф., Доктор Тұран Йылдырым – Мармара университеті, заң факультеті, қоғамдық құқық кафедрасы

Проф. Доктор Меликшах ЯСИН – Стамбул университетінің заң факультеті

Проф. Доктор Юджел ОГУРЛУ – Ыстамбұл сауда университетінің ректоры

Проф. Доктор Асуман ЙЫЛМАЗ – Ыстамбұл сауда университетінің заң факультетінің деканы

Проф. Доктор ӘМІР ӘЛИЕВ – Баку мемлекеттік университетінің заң факультетінің деканы

Проф. Доктор Шахин АКИНЧИ – Ыстамбұл сауда университетінің заң факультеті

Проф. Доктор Мехмет Акиф ОКУР – Йылдыз Техникалық Университеті Экономика және Әкімшілік Ғылымдар Факультеті

Проф. Доктор Абдулмечид НУРЕДИН – Халықаралық көзқарас университетінің проректоры

Проф. Доктор Хасан ОКТАЙ – Халықаралық көзқарас университетінің проректоры

Доц. Доктор Сохип Раупов – Бұхара мемлекеттік университетінің ұлттық бірегейлік, руханият және құқық кафедрасы

Доц. Доктор Нигора Махмудова – Бұхара мемлекеттік университетінің Шет тілдер факультеті

Доц. Доктор Шаяхметова Жанна Бекполовна- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Доц. Доктор Дюсебалиева Соледад Сагиновна- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Доц. Доктор Адиетова Эльмира Мизамгалиевна- құқық факультетінің деканы- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Доц. Доктор Сақтағанова Индира Советқызы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультеті Мемлекет тарихы мен теориясы және құқығы, Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі

Доц. Доктор Османова Динара БАҚТИЯРҚЫЗЫ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, заң факультеті, мемлекеттік-құқықтық тарихы кафедрасы, конституциялық құқық

Ғылым докторы Мехринигор Ахмедова – Бұхара мемлекеттік университетінің заң факультеті

Ғылым докторы Оқытушы Өмер Гедик – Ататүрік университетінің заң факультеті, АҚШ конституциялық құқығы

Симпозиум хатшылығы:

Ғылым докторы  Зебинисо Камалова

Ғылым докторы  Камала Валиева

Ғылым докторы Нурхан Япрак

Ғылыми қызметкер Mұратжан Гөкдемир

Ғылыми қызметкер Зейнеп Гүлсевен

Ізденуші Назгүл Кенжетай

Ізденуші Мұхаммед Фаражов